Құқық қорғау органдары

“Нелегал” жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр

Өңірде “Нелегал” жедел-алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Көші-қон қызметінің мамандары 2 күнде шетелдіктердің тарапынан заң бұзудың 247 фактісін анықтаған. 8 мигрант сот үкіміне сәйкес ел аумағынан шығарылыпты.

Бұл – көршілес Өзбекстан мемлекетінің тұрғыны. Азамат өңіріміздегі құрылыс орындарының бірінде аспаз болып жұмыс істеп жүрген екен. Еш жерде тіркелмепті. Мұны тәртіп сақшылары анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Енді ол Қазақстан аумағына 5 жылға дейін кіре алмайды.

– В Казахстан заехал в 2017 г., в Казахстане нарушили, через 6 месяцев судили, на 2 года посадили.

Сондай-ақ, полицейлер 20 жастағы ресейлік қызды анықтады. Ол да республикаға келу тәртібін бұзыпты.

– Просрочила, миграционную карточку мне дали, в течение 13 дней я должна была пересечь границу, я не пересекла её.

Бойжеткен қаламызда таныстарының үйінде тұрған екен. Мекенжайын жиі ауыстырған. Бірақ, тәртіп сақшылары оны құрықтады. Кейін, іс сотқа жіберіліпті.

Айнагүл Сауытбекова – СҚО ПД арнайы жеке взводының кіші инспекторы:

– Осылайша көші-қон қызметкерлерімен бір жыл ішінде екі рет көші-қон заңнамасын бұзған Ресей азаматы анықталып, сот шешіміне сәйкес әкімшілік жолмен ҚР аумағынан бес жылға шығарылды.

Сапаржай маңы, сауда нүктелері мен құрылыс орындары. Тәртіп сақшылары аталған жерлерді басты назарға алған. Өйткені, мұндай орындарда мигранттар жиі шоғырланатын көрінеді. Жалпы, “Нелегал” жедел алдын алу шарасы аясында полицейлер шетелдіктер тарапынан заң бұзудың 247 фактісін анықтаған. 8 мигранттың ісі сотта қаралып, ел аумағынан шығарылыпты. Сондай-ақ, мамандар 75 жерлесімізді жауапқа тартқан. Олар өзге ел азаматтарын тіркеуге қоймапты. Тағы, 10 теріскейлікке әкімшілік хаттама толтырылған. Солтүстікқазақстандықтар шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тартқан. Жалпы, “Нелегал” операциясы 12 қыркүйекке дейін жалғасады.

Дана Ешкенова