Ауа райы

Өңірде күн суытады

Хабарымыздың соңында ауа райы жайлы ақпаратқа құлақ түріңіздер! Қазгидромет мамандарының мәліметінше қыркүйектің 11-інен 12-сіне қараған түні өңірде сынап бағанасы -1-3 градусқа дейін төмендейді.

Тағы, кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Күндіз найзағай ойнайды. Ал батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарды қауіпсіздік шараларына аса мән беруге шақырады.

Эльмира Садвокасова