Білім

Жерлестеріміз латын графикасымен диктант жазды

Қазақстан латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшуді жоспарлап отыр. Ортақ маңызды меже аясында теріскейлік мамандар түрлі шаралар ұйымдастырып жатыр. Соның бірі М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де де өтті. Білім ордасында студенттер мен оқытушылар қазақ тілінің латын әліпбиіне негізделген қарпімен диктант жазды.

Раушан Сәденова жоғарғы оқу орнындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының 1-ші курсында оқиды. Бойжеткен болашақта мұғалім болуды армандайды екен. Сондықтан, қазірден-ақ латын қарпін жіті меңгеріп жүр. Келешекте оқушыларына үйретпекші.

Раушан Сәденова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

–  Латын графикасы бойынша білімімді жоғарылату үшін акцияға қатысуды шештім.

Студенттер, магистранттар мен жас мұғалімдер. Жастар жылына арналған жалпықазақстандық акцияға 200-ге жуық адам қатысты. Олар қазақ тілінің латын графикасына негізделген әліпби бойынша диктант жазды.

Ботагөз Тағұдретова – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ кафедра директорының орынбасары:

– 1996, Жалпы, жастарға республикалық акцияға қатысу үлкен мәртебе деп ойлаймын. Себебі, бұл – елімізге, тіліміздің дамуына қосқан үлкен үлесі. Студенттер кез келген шараға белсене қатысады.

Акция аясындағы сабақ 30 минутқа жалғасты. Жртшылықтың латын қарпіне деген машығын жетілдіру мақсатында мамандар осындай шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.

Маржан Касымбек