Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет ұйымдары көрсеткен қызметтер көлемі

Мемлекеттік мекемелер көрсеткен әлеуметтік қызметтер мен денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің көлемі 89,2%-ды құрады. Яғни, жылдың екінші тоқсанында теріскейлік денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет ұйымдары 10,1 млрд. теңгенің қызметін көрсеткен.

Жұмыстардың 88,7%-ы бюджет, 7,2% – халықтан түскен қаржы, ал қалғаны кәсіпорындар қаражатының есебінен орындалған. Денсаулық сақтау саласында көрсетілген бюджеттік қызметтердің ең үлкен үлес салмағы ауруханаларға тиесілі – 95,7%. Ал ақылы қызметтердің ең үлкен үлес салмағы, яғни 73,3%-ы, стоматологиялық қызмет көрсететін кәсіпорындардың еншісінде.

Саят Ермек