Құқық қорғау органдары

Өңірдің бас полицейі шалғайдағы ауыл тұрғындарымен жүздесті

Өңірдің бас полицейі Марат Төлебаев Ғ.Мүсірепов ауданына іс-сапармен барды. Полковник шалғайда жатқан Чистополье ауылындағы ахуалмен танысып, учаскелік инспектордың есебін тыңдады.

Жыл басталғалы округте 21 қылмыс пен 300-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелген. Департамент бастығы қару иелеріне қатысты бақылауды күшейтіп, қылмыстарды ашу жұмыстарына қарқын қосу қажеттігін айтты. Тағы ауылдық жерде жиі орын алатын мал ұрлығының алдын алуға да баса назар аударуды тапсырды. Жиын барысында Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі жергілікті полиция бөліміне 20 рация мен 5 планшет табыстады. Бұдан бөлек Марат Төлебаев Чистополье ауылының 5 тұрғынын қабылдап, олардың базыналарын тыңдады және түйіткілдерді шешу бойынша полицейлерге бірқатар тапсырма жүктеді. Кейін Шөптікөлдегі жетім және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа бас сұғып, тәрбиеленушілерге спорт жабдықтарын сыйлады.

Эльмира Садвокасова