Қоғам

“Бастау” жобасы бойынша оқыту жалғасып жатыр

Солтүстік Қазақстанда “Бастау” жобасы бойынша оқыту белсенді түрде жалғасып жатыр. Бүгін аталған бағдарламаға қатысушы жерлестеріміздің кезекті легі кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге кірісіп кетті. Олар 1 ай көлемінде өңіріміздің 9 ауданы мен облыс орталығында білім алуда. Кейін, бизнес-жоспарларын қорғап, грант пен жеңілдетілген несиеге үміт артатын болады.

70-ке жуық петропавлдық партаға қайтып отырды. Олар “Бастау” жобасы аясында бизнестің қыр-сырын меңгермек. Жай ғана оқып, үйреніп қоймай, бағдарлама арқылы мемлекеттік көмекті иеленгісі келеді. Яғни, қаржылай қолдаудан үмітті. Курсты бизнес-тренер Нұргүл Болатова өткізіп жатыр. Маман 1 ай көлемінде кәсіпкерлік негіздерін түгел меңгереміз дейді.

Нұргүл Болатова – “Бастау” жобасының бизнес-тренері:

– “Бастау” жобасы 12 бірдей негізгі модульден тұрады. Оның аясында тыңдаушыны кәсіпкерлік негіздеріне баулимыз, мемлекеттік қолдау жайын талқылаймыз. Тағы, істі дамыту, нарықты зерттеу тәсілдерін қарастырамыз. Оқыту 2 түрде жүргізіледі. Оның біріншісінде семинарлар, лекциялар мен практикалық тапсырмалар ұйымдастырылады. Ал екіншісінде қатысушылар жеке сұрақтарымен бизнес-тренерге келіп, жұмыс жүргізетін болады.

Курсқа қатысып отырған жандардың жас ерекшеліктері әр түрлі. Алған білімдері, меңгерген мамандықтары да дәл солай. Мысалы, Аяжан Әскерова жоғары оқу орнын тәмамдапты. Ол педагог-психолог екен. Сондықтан, азаматшаға балалармен жұмыс істеу жеңіл. Әрі өзіне ұл-қыздарды оқытқан ұнайды. Сол себепті, қосымша білім беру бағытындағы менталды арифметика орталығын ашқысы келеді.

Аяжан Әскерова – “Бастау” жобасының қатысушысы:

– Менталды арифметиканың басты мақсаты – баланың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Мен бұған көзім жеткендіктен осы саланы таңдадым.

Бүгінде оқыту курстары Петропавлдан бөлек, өңіріміздің 9 ауданында жүргізіліп жатыр. Осының арқасында 400-ден аса теріскейлік білім алуда. Алдағы жоспар ауқымды. Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері курстарды жалғастырып, өңірдегі іскер жандардың қатарын 2 жарым мыңға дейін көбейткісі келеді.

Рахымбек Зейнуллин – Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы:

– жоспарланып отыр. 01:22 Жыл басынан бері 800-ге жуық адам қайтарымсыз грант алды. Ал 165 адам “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан” 6 пайызбен несие алды.

Айта кеткен жөн, “Бастау” – бұрынғы “Бастау Бизнес” жобасы. Енді жаңаша аталатын болады. Бірақ, негізгі бағыты сол қалпы қалды. Яғни, жұмыссыз жүрген және өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдарды оқытып, жеке кәсіптерін ашуға негізделген.

Байболат Бектемірұлы