Спорт

Александр Винокуров әлем чемпионы атанды

Жерлесіміз, Олимпиада Чемпионы Александр Винокуров Италияның Ницца қаласында өткен жарыста топ жарды. Ол триатлоннан өткен Ironman 70.3 додасында әлем чемпионы атанды.

Жүзу, веложарыс және жүгіруден тұратын қашықтықты 45 жастағы спортшы 4 сағат 28 минут 47 секундта еңсерді. Осылайша, өз жас санатында сайысқан 506 спортшыны шаң қаптырды. Ал жалпы рейтингіде Винокуров чемпионатқа қатысқан барлық 3344 триатлоншының үздік жүздігіне еніп, 93-ші орыннан көрінді. Енді “Астана” велокомандасының бас менеджерін алда Ironman 140.6 әлем чемпионаты күтіп тұр. Ол қазанның 12-сі АҚШ-тың Гавайи штатындағы Каилуа-Кона қаласында өтпек.

Саят Ермек