Ауа райы мәліметіне де кезек берсек. Ертең облыс аумағында найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстік-шығыстан қатты жел соғады. Оның екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға тиісті қауіпсіздік шараларын қаперде ұстау қажеттігін ескертеді.
Данаш Хамзина