ТЖ

Тимирязевода 46 жастағы әйел мен оның 10 жасар қызына ыс тиді

Тазартылмаған мұржа қайғылы оқиғаға әкеп соқтыра жаздады. Тимирязево селосында 46 жастағы әйел мен оның 10 жасар қызына ыс тиді.

Қыркүйектің 4-і кешке жанұя үйде пеш жағып, отынның жанып біткенін тексермей ұйықтап қалған. Нәтижесінде, газ үйге таралыпты. Таңертең ерте бірінші болып жеткіншек оянады. Ол лезде анасын оятып, туысқандарға хабарласқан. Олар өз кезегінде жедел жәрдем шақырады. Уланған нәзікжанды мен оның қызы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың жағдайлары қалыпты. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында құтқарушылар тиісті қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстауды ескертеді.

Саят Ермек