МТРА жаңалықтары

Президент жолдауына мәдениет қызметкерлері үн қосты

Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігі, әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту, тағы отбасы мен бала институтын қолдау.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тұңғыш жолдауында халықтың тұрмыс жағдайын жоғарылату мақсатында біраз маңызды басымдықтарды атап өтті. Мемлекет басшысының айтқан сөздері қазір ел аузында. Қоғам өкілдері бірқатар тиісті органдардың алдына қойылған мақсат-міндеттерді талқылап, өз пікірлерін білдіріп жатыр. Сондай жиындардың бірі облыстық қуыршақ театрында да өтті.

Мәдениет ошағының ұжымы жолдауды аса ырзалықпен қабылдаған. Әсіресе, сала қызметкерлерінің жалақысын келесі жылдан бастап көтеру туралы тұсы қуантқан.

Анар Қанапина – Облыстық қуыршақ театрының қызметкері:

– Ұжымда осы ендігі жылдан бастап мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі деген хабар өте қуанттты. Өйткені, мәдениет қызметкерлерінің жалақысы төмен. 3:04 Осындай көңіл бөлініп жатқанына өте қуаныштымыз. Болашақта айтылған сөздер, пункттер бойынша жоспар толықтай орындалады деген сенімдеміз.

Актолкын Солтанханкызы