Спорт

Солтүстікқазақстандық палуан ел чемпионы атанды

Жерлесіміз жарады! Солтүстікқазақстандық палуан Ұлбике Қасымбекова белбеу күресінен ел чемпионы атанды.

Осылайша әлем біріншілігіне жолдама алды. Бәсеке жастар арасында тамыздың соңында Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында өткен болатын. Сайыста 20 жастағы бозкілем шебері 48 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол додада Шымкент, Ақмола және Сыр өңірінің бірінші нөмірлі спортшыларын қоғадай жапырып, мықты атанды. Қазіргі күні Ұлбике демалыста. Сәл тыныққан соң қайта дайындыққа кіріседі. Себебі, бұрымды қыз қараша айында Татарстан астанасы Қазан қаласында өтетін жаһандық жарыста ел намысын қорғайтын болады.

Байболат  Култанов