Құқық қорғау органдары

Жол-көлік апатынан мектеп оқушысы қаза тапты

Жан түршіктірерлік оқиға! Қыркүйектің бірі күні Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы Новоишимка селосында жол-көлік апаты орын алды.

Салдарынан 16 жастағы мектеп оқушысы көз жұмды. Қайғылы оқиға былай болған. Скутер тізгіндеген қос жасөспірім кешкі 8 шамасында екінші дәрежелі жолмен келе жатады. Сөйтіп, басты жолдағы “Volkswagen” көлігімен соқтығысқан. Апатқа ұшыраған 10-шы сынып оқушылары қорғаныс шлемін кимеген екен. 2-еуі де түрлі дене жарақатын алып, аудандық орталық ауруханаға жеткізіледі. Дәрігерлер скутердің рөлінде отырған жеткіншектің өміріне араша түсе алмады. Ал жолаушысының жағдайы ауыр.

Баян БАЙҒАСКИНА – СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Скутер жүргізушісі алған дене жарақаттарынан кейін қайтыс болды. Аталған факті бойынша ҚК 345-ші бабы 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Және бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды.

Дана Ешкенова