ТЖ

Тілсіз жау теріскейліктің өмірін жалмады

Тілсіз жау 53-ші жылы туылған азаматшаның өмірін жалмады! Қыркүйектің 1-інен 2-сіне қараған түні Мамлютка қаласында жер үй өртке оранды.

Салдарынан баспана иесі қаза тапты. Ал нәзік жандының 40 жастағы баласын күйік шалған. Ол ауруханаға жеткізіліпті. Бүгін бұл оқиға бойынша облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері әріптестеріме сұхбат берді. Мамандардың сөзінше қайғылы жайт отқа немқұрайлы қараудың кесірінен орын алған. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 462 рет өрт оқиғасы тіркеліпті. Келген материалдық шығын 40 млн теңгеден асады.

Серік НАУРЫЗБАЕВ – СҚО ТЖД басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы:

– Өрт оқиғасы салдарынан 47 млн теңге көлемінде шығын келді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда төмен. Бірақ, от 25 адамның өмірін жалмады. Оның біреуі – бала. Ал былтыр 17 тұрғын қайтыс болды. Мұндай фактілерді азайту үшін біз жылыту маусымы қарсаңында рейдтер өткізіп жатырмыз. Осы сәтті пайдалана отыра жерлестерімізді сақтық шараларына аса мән беруге шақырамыз.

Байболат Бектемірұлы