Білім

СҚО-ның барлық білім ошақтары қыркүйектің 1-і есіктерін айқара ашады

Теріскейлік мектептер, балабақшалар мен колледждердің барлығы қыркүйектің 1-і білім алушыларын қабылдауға дайын болады. Мұндай ақпарды бүгін өңірлік білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова берді.

Оның айтуынша, биылғы жазда 120-дан астам білім ошағы күрделі жөндеу көрген. Бұған 5 млрд теңгеден астам қаржы бағытталыпты. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда біршама көп. Қазір қалыпқа келтіріліп жатқан нысандардың басым бөлігінде жұмыстар аяқталған. Облыстың бас мұғалімі оқу жылының алғашқы күніне дейін мердігерлер шаруаны тындырып үлгереді деп сендірді.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Бүгін-ертең аяқталатын бізде 4 қана нысан бар. Ондағы жұмыстар бүгінде 90-95 пайызға тәмам. Бұл бізде ауылдық мектептер, қалада аяқталып келе жатыр. Сондықтан 1-ші қыркүйек күні барлық мектептер оқушыларды қарсы алуға дайын болады.

Дана  Ешкенова