Қоғам

Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдады

Ал отырыстан соң Құмар Ақсақалов азаматтарды қабылдады.

Диалог барысында аймақ басшысымен 5 теріскейлік тілдесті. Өңір жетекшісіне тұрғындар Есіл өзенінің жағасы мен вокзал маңындағы алаңды абаттандыру бойынша ұсыныстарын білдірді. Ал жер үйді жалға алып отырған шаһардағы “Аналар үйінің” өкілдері баспанамен көмектесуді сұрады. Өйткені, онда тұрып жатқан 7 келіншек далада қалуы мүмкін. Құмар Ақсақалов білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова мен қала әкімі Болат Жұмабековке қолдан келгенше қолғабыс етуді тапсырды. Ал Бескөл аулының тұрғыны Жанна Қайыркенованың үйі мен жақын маңдағы тағы 5 баспананы су басып жатыр. Осымен 4-ші жыл / жиналған су ешқайда ақпай, керісінше көтіріліп жатыр дейді ол. Аймақ басшысы мәселені жеке қадағалауына алып, Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасовқа түйіткілді тез арада шешуді жүктеді. Қысқасы, бірде-бір базына ескерусіз қалмайды деді Құмар Ақсақалов. Өйткені, әкімдер халыққа ашық әрі жақын болулары керек. «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұйымның саяси кеңесінің отырысында осылай деген болатын.

Саят Ермек