Қылмыс

Петропавлда екі адам 35 жастағы ер заматтың аяғына оқ атты

Кикілжіңнің арты атыспен аяқталды! Кеше таңғы 4-тер шамасында Петропавлда криминалдық жайт орын алды. Жамбыл көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан тапаншадан атылған оқтың дыбысы шыққан.

Үрейленген тұрғындар бірден тәртіп сақшыларына хабарласады. Полицейлер берген ақпарға сәйкес, белгісіз екі адам 35 жастағы петропавлдықтың аяғын жаралаған. Жапа шеккен жігіт бірден облыстық ауруханаға жеткізіледі, оның жағдайы қалыпты ауыр. Күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Жандос Мұқатов – Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы:

– 293 баптың 3-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, оқиғаның мән жайын анықтап жатырмыз. Сот сараптамасын өткізген соң, қосымша хабар береміз.

Саят Ермек