Әр түрлі

Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру

Теріскейліктер жер телімдері жайлы ақпаратқа веб-портал арқылы қол жеткізе алады.

Енді тұрғындарға учаскені таңдау мен рәсімдеу үшін тиісті мекемелердің табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Ол үшін арнайы сайтқа тіркелу керек. Кейін сонда өтініш қалдырып, жауабын 7 күн өткен соң алуға болады. Өткен жылы өңірдің жер қатынастары саласында 6 мыңнан астам тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның 5 жарым мыңға жуығы электронды түрде ұсынылыпты.

Арыстан Құжымов – СҚО жер қатынастары басқармасының басшысы:

– «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы көрсетілді. Ал облыстық басқарма 47 тұрғынның өтінішін қабылдаған. Жыл басынан бері 4041 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 30-і облыстық басқарма көрсеткен.

Маржан Касымбек