Ауыл шаруашылығы

Аққайың ауданында сиырлар белгісіз дертке шалдыққан

Аққайың ауданындағы Тоқышы ауылында сиырлар белгісіз дертке шалдыққан.

Барлығы 9 сиыр жұмбақ індетпен ауруда. Олардың денесінде белгісіз ісіктер пайда болған. Оған қоса, аяқтарын әзер басады екен. Басында оларға нодулярлық дерматит деген диагноз қойылған болатын. Бірақ, бұл дерт расталмаған көрінеді. Мамандардың айтуынша бұндай белгісіз індет өңірімізде тіркелмеген. Ал ауыл тұрғындары жұмбақ ауру бүкіл Зеңгі баба төліне тарайды деп алаңдауда. Оған қоса, елді мекенде белгісіз кеселдің емі табылғанша ет пен сүтті тұтынуға және сатуға тыйым салынған. Әзірге, ауылда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Берік Әлжанов – СҚО ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Ауылда күнделікті түрде төрт түлік мал тексеріледі. Жаңадан шыққан ауру белгілері дәлелденген жоқ.

Дана  Ешкенова