Экология

Қоқыс тапсырып, қайырымдылық акцияға үлес қос

Қоқыс тапсырып, қайырымдылық акцияға үлес қос. Шаһарда осындай мақсатты ұстанған ерекше шара қолға алынды. Тамыздың 20-сынан бастау алған акция қыркүйектің 30-ына дейін жалғасады. Жыл сайын өткізілетін игі бастаманың нәтижесінде былтыр 400 мың теңге көлемінде қаражат жиналып, церебральды сал ауруына шалдықққан балаларды емдеуге жұмсалған.

Идея авторлары биыл тұрмыс жағдайы төмен 10 отбасыға көмектесуді жоспарлап отыр. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы акцияға алғашқылардың бірі болып үлесін қосып, 60 келіге жуық қоқыс тапсырыпты. Оның ішінде қағаздың келісі – 25 теңгеден, ал кеңсе техникасы 10 теңгеден қабылдануда.

Қайыржан Айсин: «Вторсырье» ЖШС директоры:

– Әзірге, 200 келіге жуық қоқыс жиналды. Шараға тек белгілі бірі ұйым ғана емес, кез келген азамат қатыса алады. Келіп түскен ескі кітаптар мен журналдардан «Карина» майлығы жасалады. Ал тұрмыстық техника бөлшектеліп, пластик – Ресейге, темір металл базасына жөнелтіледі.

Актолкын Солтанханкызы