Спорт

“Құлагер” ХК ел кубогі үшін өткен турнирде жеңіске жете алмады

Петропавлдық “Құлагер” шайбалы хоккейден ұйымдастырылған ел кубогінің финалында сүрінді. Құрама өскемендік “Алтай-Торпедо”-ға есе жіберді.

Бәсекенің ақтық матчында жергілікті хоккейшілер қанша тырысқанымен, жеңісті жұлып ала алмады. Денис Стасюк пен Дмитрий Исмагилов соққан қос шайба жеткіліксіз болды. Өскемендіктер 3:2 есебімен басым түсті. Осылайша “Құлагер” Қазақстан кубогінің күміс жүлдегері атанып, 2016 және 2017 жылдардағы жетістіктерін қайталай алмады. Бұған қарамастан, құлагерлік қақпашы Андрей Янков пен шабуылшы Илья Ахметов доданың үздік ойыншылары атанды.

Саят Ермек