Көлік және жолдар

Жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық комиссиядан өту оңтайландырылды

7 маманның орнына 4 дәрігер. Елімізде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық комиссиядан өту оңтайландырылды. Сондай-ақ, құжатты әзірлеу уақыты да қысқарған.

Терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог. Жүргізіші куәлігін рәсімдеу барысында осы дәрігерлердің тексерісінен өтсеңіз ғана жектілікті. Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес енді тиісті құжатты алу барысындағы медициналық комиссия құрамы 7-ден 4 дәрігерге дейін қысқарды.

Лидия Трифонова – медициналық комиссияның төрайымы:

– Жүргізуші куәлігін аламын деушілер үшін – қан, жалпы талдаулар, флюрография, психоактивті заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсырудың қажеті жоқ. Дегенмен, талаптар бұрынғыдай қалады. Әсіресе, медициналық тексерудің сапасы. Мәселен, біз көру және есту мүшелерін мұқият қараймыз. Ал егерде қабылдау кезінде адамның адекватты емес екендігін байқасам және қолдарында иненің іздерін көрген жағдайда оған міндетті түрде психоактивті тест өткіземін.

Мұндай тестінің күшін жою болашақ жүргізушілерге шамамен 2 мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді. Оған қоса, олар медициналық комиссиядан өтуге және жүргізуші куәлігін алуға аз уақыт жұмсайтын болады.

Евгений Зубков – “Азаматтарға арналған үкімет” МК” КЕ АҚ СҚОФ халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы:

– Мамандандырылған бөлімдердің жұмысын жою жөнінде шешім қабылданды. ПД қызметкерлері арнайы ХҚКО-дан көшірілді. Ал емтихандар қабылдау, әзірлеу және дайын құжаттарды беру қағидасы бойынша жүргізіледі.

Жалпы, бүгінде жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық анықтама үш жағдайда талап етіледі. Құжатты бірінші рет рәсімдеу барысында. Мерзімі өтіп кеткен жағдайда және жүргізуші куәлігінен айырылғандар құжатты қайта рәсімдегенде. Айта кетейік, өңірде жыл басынан бері 6 мыңға жуық солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігіне ие болған.

 

 

 

 

Ешкенова Дана