Мәдениет

Латынға көшу – заман талабы

“Ozim tyraly”. “Мың бала” республикалық мәдени ағартушылық жобасы аясында елімізде осындай акция өткізіліп жатыр.

Шараның мақсаты – Елбасының қазақ тілі алфавитін латын қарпіне көшіру туралы идеясына қолдау білдіру. Акцияға үн қосқандардың арасында жастар көп. Шарт мынадай: танымал әлеуметтік желілерде латын қарпімен қазақ тілінде өзі туралы пост жазу керек. Бүгінге дейін өңірімізде бірнеше тұрғын бастаманы іске асыруға өз үлестерін қосқан. Олардың қатарында “Радзіма” белорус этномәдени орталығының төрайымы Мария Татаренко да бар.

Мария Татаренко – “Радзіма” белорус этномәдени орталығының төрайымы:

– Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мың бала” жобасы аясында “Өзім туралы” акциясына қатыстым. Мақсатым – қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Оған қоса латын қарпін қолану.

Ешкенова Дана