Спорт

Петропавлда футболдан сайыс өтті

Бүгін қаладағы №4 орта мектебінің спорттық алаңында футболдан жарыс өтті. Оған «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері мен қалалық пробация қызметінің мамандары қатысты. Сонымен қатар, белсенді жастар мен пробация бөлімінде тіркеуде тұрғандар да атсалысты. Шараның мақсаты – жастар арасында спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау. Футболға 30-ға жуық ойыншы жиналды. Олар өзара 4 командаға бөлініп доп тепті. Ойын соңында қатысушылар сыйлық және грамоталармен марапатталды.

Бердимурат Баймухан