ТЖ

2 жастағы қыз терезеден құлап мерт болды

Бүгін Ғабит Мүсірепов ауданының орталығы – Новоишимкада қайғылы жағдай орын алды. 2 жастағы қыз 4-ші қабаттағы терезеден құлап, мерт болды. Ол москит торына сүйеніп тұрғанда төменге құлдилай жөнелген.

Бала түрлі дене жарақатымен аудандық орталық ауруханаға жеткізіледі. Бірақ, дәрігерлер кішкентай тұрғынды өлім аузынан арашалай алмады. Айта кетейік, бұл – осымен өңірде жыл басынан бері ұл-қыздардың терезеден құлап кетуіне қатысты тіркеліп отырған 3-ші оқиға.

 

Култанов Байболат