Спорт

“Құлагер” ХК жеңіліс тапты

Осы күндері Алматы қаласында шайбалы хоккейден Қазақстан Кубогы сарапқа салынып жатыр. Бұл додаға жергілікті “Құлагер” командасы да қатысуда.

Кеше теріскейліктер алғашқы матчтарын өткізіп, жеңіліс тапты. Жерлестеріміз Ақтөбе құрамасына 3-те 2 есебімен овертаймда есе жіберді. Құлагерліктердің арасынан сапынан Дамир Рамазанов пен Денис Стасюк көзге түсті. Енді солтүстікқазақстандық ұжым тамыздың 20-сы күні Алматы клубына қарсы ойнайды. Кездесу кешкі сағат 19:00-де басталады.

Култанов Байболат