Спорт

Алексей Луценко жеңімпаз атанды

Солтүстікқазақстандық велошабандоз Алексей Луценко – кезекті мәрте чемпион. Ол Норвегия елінде ұйымдастырылған “Арктикалық жарыс” атты велокөпкүндікте үздік атанды.

Жерлесіміз сайыстың соңғы кезеңінде мәреге 3-ші болып келді. Бірақ, соған қарамастан жалпы есепте жеңіске жетті. Екінші орын франциялық спортшыға бұйырды. Ол Александрдан бар-жоғы бір секундқа қалып қойды. Айта кетейік, бұл додада жыл сайын өтеді.

Бердимурат Баймухан