Қоғам

Теріс діни ағымдардың алдын алу

Теріс діни ағымдардың алдын алу. Өңірге дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері келді. Меймандар жастармен кездесіп, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кетпей, ақ пен қараны ажырата алу қажеттігін айтты.

Қазіргі уақытта теріс діни ағымның арбауына түскен азаматтардың саны күн санап артып барады. Олар шетелге қашып немесе деструктивті ағымның ықпалымен өзіне я болмаса айналасындағы жандарға зиян келтіріп жатады. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін елімізде ақпаратттық-түсіндіру тобы жұмыс жасайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, профилактикалық жұмыстардың басым бөлігі жастармен өткізіледі.

Толғанай Мұстафина, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Әсіресе, әлеуметтік, экономикалық жағдай, басқа да психологиялық, ішкі мәселелерге қатысты қиындықтары бар азаматтардың дін жетегінде кету қаупі көп болмақ. 1:34 Осы кездесудерде түйіткілді мәселелердің басын ашып, діни ағымдардың ақ пен қарасын, дін атын жамылған ағымдардан қалай сақтану керектігі мен қалай ажыратуы керектігі туралы мәселеге тоқталамыз. Сонымен қатар, жастармен пікірталас өткізуді жоспарлап отырмыз.

Мамандар жастар деструктивті ағымдармен көбінесе әлеуметтік желілер арқылы танысады деген пікірде. Ұл-қыздар интернеттен көрген ағымға қызығушылық туғызып, өз білгенінше зерттеп, түрлі сайттардан үйренеді екен. Сол себепті, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері тек дәстүрлі діни орталықтарда білім алуды ұсынады.

Бауыржан Шериязданов, дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы:

– Солтүстік Қазақстан облысында жалпы Қазақстан бойынша діни ахуал сипаты жақсы. Бірақ, батыс өңірлерде, Қарағанды және оңтүстік облыстарда мұндай жағдайлар кездеседі, оның ішінде жастардың дәстүрлі емес діни ағымдарға кетіп қоюуы.

Ақпараттық-түсіндіру тобы ертең Қызылжар мен Аққайың аудандарына жол тартпақ. Ал тамыздың 15-інен Қостанай қаласының жастарымен кездесуді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы