Құқық қорғау органдары

Петропавлда гарнизондық сап түзеу өтті

Петропавлда полиция қызметкерлері мен 66/37 әскери бөлімінің сарбаздары гарнизондық сап түзеді.

Мамандар дайындығын пысықтаған соң жұмыс ретімен танысты. Сондай-ақ, олардың сыртқы киімдерінің тазалығы мен тәртіптері де жіті бақылауға алынды. Белгіленген талаптарды лайықты орындап жүрген қызметкерлерге облыстық полиция департаменті бастығының марапаты табыс етілді.

Григорий Тыш – СҚО ПД ЖПҚБ бастығының міндетін атқарушы:

 – Қазіргі күні «Тұрмыс» және «Қауіпсіз аула» атты жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізіліп жатыр. Осы орайда қалада кезекшілік атқаратын жасақтардың саны көбейтілді. Олар шаһарда қылмыстың санын азайтуға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және жол-көлік оқиғасын болдырмау мақсатында жұмыс атқарып жатыр.

Ешкенова Дана