ТЖ

Петропавлда өрттен 1957 жылы туған азамат қаза тапты

Бүгін Петропавлда тағы бір өрт оқиғасы болды. Тілсіз жау Ойқала шағын ауданындағы Февральский көшесіндегі 10-шы баспанадан шыққан. Өрттен 57-ші жылы туған үй иесі қаза тапты.

Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлеріне өрт туралы хабар таңғы 9-дан 47 минут кеткенде жеткен. Оқиға орнында 7 минуттың ішінде болған құтқарушылар бірден отты ауыздықтауға кіріседі. Жалын 25 шаршы метр аумақты шарпыған.

Руслан Базарбаев – СҚО ТЖД өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі:

– Өртті ауыздықтауға 4 бірлік техника, 20 маман жұмылдырылды. Құтқарушылар бірден үйдің қабырғасынан бастап шатырына дейін жайылған отты сөндіруге кірісті. Өкінішке қарай, баспананың ішінен өздігінен жүре алмаған үй иесінің мәйіті табылды. От сөнбей қалған сіріңке немесе темекіден тұтанған деп болжануда.

Маржан Касымбек