Құқық қорғау органдары

Петропавлда жол-көлік оқиғасы болды

Қаланың қақ ортасында жол-көлік апаты орын алды! Бейсенбі күні кешкі сағат 22:00-дің шамасында Назарбаев көшесі бойында орналасқан 3-ші монша маңында автомобиль мотоциклге соғылды.

Volkswagen рөліндегі жүргізуші үйдің ауласынан басты жолға шықпақ болған. Ол қозғалыс кезінде қос дөңгелекті көлікті байқамаған екен. Салдарынан қақтығыс орын алды. Оқиға орнынан мотоцикл тізгіндеген азаматты жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кетіпті.