Спорт

Футбол орталықтары мен академиялар арасындағы ел чемпионаты

Облыс орталығында 2002 жылғы жасөспірімдер арасындағы футболдан ел чемпионаты өтуде. Дүбірлі дода 6 күнге жалғасады. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған 8 команда сайысып, өзара мықтыны анықтап жатыр. Бүгін – аяқдопшылар жарысының 4-ші күні.

Ала доп бәсекесіне 2002 жылы туылған жасөспірімдер қатысып жатыр. Олар 1-ші үштік пен бестік орынға өзара күш сынасуда. Турнирлік кесте бойынша «Kairat» командасы жоғары ұпаймен 1-ші орында келе жатыр.

Вячеслав Колода, «Qyzyljar» футбол орталығының жетекшісі:

– Тамыздың 5-інен бастап Петропавл қаласында футбол орталықтары мен академиялар арасындағы Қазақстан чемпионатының 5-ші туры өтіп жатыр. Қазіргі уақытта теріскейлік «Qyzyljar» футбол академиясының ойыншылары 6-шы орында келе жатыр. Ертең біздің команда «Оңтүстік» академиясының футболшыларымен кездесіп 1-ші бестік орынға таласады. Жерлестерімізге жеңіс тілеймін.

Қазір алматылық «Kairat» командасы мен қарағандылық «Шахтер» құрамасының ойыншылары шаршы алаңда доп тебуде.

Қайрат Жакупбеков – «Kairat» футбол академиясының тәрбиеленушісі. Ол футбол ойынымен 12 жасымнан бастап айналысамын дейді.

Қайрат Жакупбеков, «Kairat» футбол академиясының ойыншысы, Алматы қаласы:

– Бүгін біз “Шахтёр” командасымен ойнап жатырмыз. Біз турнирлік таблицада 1-ші орындамыз. Алдыңғы матчты “Оңтүстік” командасымен ойнадық. Сол ойынды ұтқаннан кейін біз мерзімнен бұрын чемпион атандық.

Жалпы, ойынға елдің әр өңірінен жиылған 160-қа жуық футболшы қатысып жатыр. Сайыс тамыздың 11-іне дейін жалғасады. Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы грамота, медальдармен марапатталмақ. Сонымен қатар, жарыстың үздік ойыншысы, шабуылшысы және үздік қақпашысы анықталады.

 

 Бердимурат Баймухан