Құқық қорғау органдары

Петропавлда 28 жастағы жігіт төбелестен көз жұмды

Петропавлда тамыздың 4-іне қараған түні “Блюз” дәмханасының маңында төбелес болып, арты адам өлімімен аяқталды. 28 жастағы қала тұрғыны алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2 адамды ұстаған.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі – “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, өлімге әкеп соққан” және 293-бабы – “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған.

 

 

Култанов Байболат