Құқық қорғау органдары

Медиация институтын жетілдіру

Полиция департаменті мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы медиация күніне орай іс-шара ұйымдастырды.

Жиынның мақсаты – медиация институтын дамыту және қос тарап арасындағы осы бағыттағы әріптестікті нығайту. Бұл бастама меморандумға қол қоюмен бекітілді.

Медиация институтының даму бағыттарын талқылауға жергілікті құқық қорғау органдарының мамандары, кәсіби және қоғамдық медиаторлар, ардагерлер мен педагогтар қатысты. Әрқайсысы тақырыпқа сай өзінің тұшымды ойларын білдіріп, ұсыныстарын айтты. Бұдан былай тәртіп сақшылары медиацияны дамытуға арналған маңызды жиындарға жиі қатысатын болады. Сондай-ақ, шара соңында өңірдің белсенді бітімгерлері марапатталды.

 

Бердимурат Баймухан