Құқық қорғау органдары

Полицейлер із-түссіз жоғалған петропавлдықты іздестіруде

Іздеу салынады! Жергілікті полицейлер 90-шы жылы туылған Петропавл қаласының тұрғыны Сағындық Ерденұлы Салықовты іздеп жатыр. Ол тамыздың 2-сінен 3-іне қараған түні Хименко көшесі, 11 мекен жайынан шыққан. Қазіргі уақытта жүрген жері белгісіз.

Белгілері: бойы шамамен 161 см, дене бітімі орташа, шашы қара, қысқа, қой көзді. Үстінде көгілдір түсті жейде, тоқылған қоңыр күртеше, күңгірт сұр шалбар мен қара аяқ киім болған. Оның жүрген жері туралы немесе аталған фактіге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіздер мына телефондарға: 8(7152) 39-48-37, 39-48-07, 8-747-239-11-61, 8-707-909-50-06 немесе «102» пультіне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Данияр Ғалиақпаров – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Бейнебақылау камералары қаралуда. 2-ші және 3-ші тамыз күні қай жерде жүргені туралы ақпараттар жиналып жатыр. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғасуда.

 

Култанов Байболат