ТЖ

Крепостная көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шықты

Бүгін облыс орталығындағы үйлердің бірінен өрт шықты. Оқиға Крепостная көшесі бойындағы 144-ші баспанада орын алған.

Төтенше жағдай туралы ақпарат өрт сөндіру бөліміне түскі 12:29-да келіп түскен. Құтқарушылар апат орнына 5 минуттың ішінде жетіп, жалынды 15 минутта ауыздықтапты. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Руслан Құдайбергенов – СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жедел құтқарушысы:

– Оқиға орнына бірден 15 адам мен 4 бірлік техника жіберілді. Жалын 110 шаршы метр аумаққа жайылды. Мамандар жеткенше от үйдің шатырына ауысқан еді. Тез әрекет етіп, өртті санаулы минутта ауыздықтадық. Оның шығу себебі үйдегі – электр сымдарының тұйықталуы. Ешкім зардап шеккен жоқ. Материалдық шығын есептеліп жатыр.

 

Эльмира Садвокасова