Ауыл шаруашылығы

Жыл басынан бері өңірдің ауыл шаруашылығына 45 млрд теңге құйылған

Соңғы 6 айда өңірдің ауыл шаруашылығы саласына 45 млрд теңгеге жуық инвестиция құйылған. Бұл облысқа тартылған жалпы қаржы көлемінің жартысынан асады.

Өткен жылмен салыстырғандағы өсім 35%-ды құрайды. 45 млрд теңгенің 78 жарым пайызы – өсімдік, ал 12 пайызы – мал шаруашылығына, 9,4 пайызы аралас шаруашылықтарға құйылыпты. Қаржыландыру көздеріне тоқталсақ. Ақшаның басым бөлігін, нақтырақ айтқанда, 80,5 пайызын шаруашылықтар өз қалтасынан шығарған. Банктен несие алғандардың үлесі 3,5 пайызды құрайды, ал шамамен 16 пайызы – өзге инвесторлардың қарыздық қаражатының үлесі. Ең көп инвестиция Ғ.Мүсірепов және Тайынша аудандарына тартылыпты.

 

 

Саят Ермек