МТРА жаңалықтары

Жерлесіміз халықаралық жарыста үздіктер қатарынан көрінді

Тағы бір солтүстікқазақстандық байрақты бәсекеде үздіктер қатарынан көрінді.

Теріскейлік грек-рим күресінің шебері Данияр Қаленов Беларусь елінің астанасы Минскіде өткен халықаралық Олег Караваев турнирінде қола медаль еншіледі. Ол соңғы белдесуде ресейлік спортшының мысын басты. Айта кетейік, жерлесіміз 67 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан болатын. Жалпы, жарыста ел намысын 10-нан аса палуан қорғады. Олардың тек 4-еуі ғана жеңіс тұғырынан көрінді. Барлығы да үшінші орынды місе тұтты.