Спорт

Qyzyljar Қайрат-Жастар құрамасына есе жіберді

Ал енді спорт жаңалықтарына кезек береміз. Демалыс күндері еліміздің бірнеше қаласында футбол матчтары өтті. Бұл жолы солтүстікқазақстандық Qyzyljar Алматыда Қайрат-Жастар командасымен күш сынасты.

Оңтүстік астанадағы ойында жерлестеріміздің жолы болмады. Теріскейліктер 2-де 0 есебемін жеңілді. Алаң иелері алғашқы голды 30-шы минутта соқты. Адам Адахаджиев айып добын сауатты орындап, құрамасын алға шығарды. Осылайша бірінші тайм аяқталды. Келесі кезеңді алматылықтар қарқынды бастады. Нәтижесінде басымдықты арттырды. Артур Шушеначев қорғаушылардың қателігін ұтымды пайдаланып, көзге түсті. Қазір Qyzyljar командасы турнирлік кестеде 3-ші орында тұр. Қоржында 28 ұпай. Енді біздің жігіттер келесі матчты 3-ші тамыз күні Қарасай стадионында өткізеді. Онда “Астана-М” ұжымымен кездеспек.