Спорт

Евгений Павлов халықарылық турнирде сәтті өнер көрсетті

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық! Жергілікті боксшы Евгений Павлов Бангкок қаласында өткен халықаралық “Thailand Open 2019” турнирінде үздіктер қатарынан көрінді.

Ересектер арасында ел намысын қорғаған былғары қолғап шебері 5 бірдей кездесу өткізді. Алдымен ол Тайланд, Малайзия, Боствана мен Моңғолия елдерінің өкілдерін тізе бүктірді. Ал, финалда 2016-шы жылғы олимпиада ойындарының жүлдегері қытайлық споршымен күш сынасты. Тартысты кездесуде Женя қарсыласына есе жіберіп, күміс алқаны місе тұтты. Жалпы, дүбірлі додада 37 мемлекеттің боксшылары бақ таластырды. Жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының 8 мүшесі өнер көрсетіпті. Олардың тек екеуі ғана үздік үштікке ілініп, медаль еншіледі.