Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Аққайың ауданында болды

Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары аграрий. Аққайың ауданына қарасты Дайындық ауылының тұрғыны Біржан Шәймерденов жерлестері үшін бар жағдай жасап отыр. Ол жаңа баспаналар тұрғызып, медпункт, мектеп пен шағын орталықты қалыпқа келтірген. Диханнын ісіне өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов оң бағасын берді. Тағы, облыс әкімі ауданға жасаған жұмыс сапары барысында соя алқабында, бірқатар кәсіпорын мен әлеуметтік маңызы бар нысандарда болды.

Саят Ермек – тілші:

– Биыл өңірдің білім беру саласын дамытуға бақандай 60 млрд. теңге жұмсалып отыр. Бұл облыс бюджетінің 30 пайызы. Қаржының басм бөлігіне білім ошақтары жөнделуде. Мәселен Аққайың ауданына қарасы Астраханка орта мектебі күрделі жөндеуден өтуде. Жұмыстардың бүгінде 80 пайызы тәмам.

Жаңа оқу жылын бұл білім ошағының 132 оқушысы жаңартылған ғимаратта қарсы алмақ. Жұмыстар, жоспар бойынша, тамыздың 20-сына дейін аяқталуы тиіс. Бағытталған қаражат қомақты – 36 млн теңге.

Жылқыбай Сүлейменов – Астраханка орта мектебінің директоры, Аққайың ауданы:

– Шатырды, фундаментті, пандус пен кіре берісті фирма жөндеп жатыр. Мамырдан бері жұмыс істеуде. Демеушілік көмек ретінде олар спортзалды жөндеп берді және төбеден жарық шамдарын орнатады. Ал “Астраханское” ЖШС 1,4 млн. теңге қаржы бөліп, мектептің сыртын бояп берді. Бәрі көмектесіп жатыр. Мектебіміз біздің өзгеріп, ата-аналар, ауыл тұрғындары келіп, қарап қуанып жатыр.

Қуанбағанда ше? 70-ші жылдары салынған бұл ғимарат содан бері бір де бір рет күрделі жөндеу көрмеген екен. Жалпы, мұндай ескі мектептердің мәселесі, әсіресе, елді мекендерде өзекті тұр. Бірақ қалалық болсын, ауылдық болсын әр бала жылы әрі жайлы білім ошағында оқуы тиіс. Сондықтан, биылдан бастап проблема жүйелі түрде шешіліп жатыр.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Биыл облыс аумағындағы 142 нысанды қалыпқа келтіріп жатырмыз. Келесі жылы да мектептерді жөндеуді жалғастырамыз. Бюджеттен қомақты қаржы бөлеміз. Ақшаның бір бөлігін білім ошақтарындағы жиһазды жаңартуға жұмсау қажет. Балалар да, ата-аналар да оң өзгерістерді сезінуі тиіс.

Ал бұл – Аққайың ауданының жастары. Нақтырақ айтсақ, “Дипломммен ауылға” бағдарламасы бойынша келген мұғалімдер мен дәрігерлер. Құмар Ақсақалов олармен тілдесті, жағдайларын сұрады.

Айнагүл Мұрзабекова – Аққайың аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі:

– Смирново ауылында 2016 жылдан бастап жұмыс істеп жатырмын. Өзіме ұнайды. Келген жылы қаржылай көмектесті, биыл үй алып жатырмыз. Алғысым шексіз!

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жыл сайын бұл бағдарлама бойынша өңірдегі ауылдарға 300-ден аса маман барады. Көтермеақы төлейміз, ал баспаналы болғысы келетіндер жеңілдікпен несие ала алады. Жора-жолдас, таныстарыңызға жасалып жатқан жағдайлар жайлы айта жүріңіздер. Жастарды елді мекендерге тарту қажет. Мұнда да жұмыс бар, ауылда да жақсы өмір сүруге болады.

Астраханкадан аймақ басшысы тура Ленинское ауылына жол тартты. Елді мекенде өңірдің ең табысты аграраийлерінің бірі Біржан Шәймерденов сүт-тауарлық ферма салып жатыр. Оның құрылысы аяқталуға жақын. Мұнда мыңнан аса сиыр сауылып, тәулігіне 16 мың тонна ақ өндірілетін болады.

Біржан Шәймерденов – “Дайындық” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

– Биылғы жылы біз 640 басқа дайындап қойдық, келешекте тағы 440 басқа салынады. Несие алған жоқпыз, бәрін өз ақшамызға тұрғызып жатырмыз. Тек қондырғыларды сатып алуға АКК арқылы 164 млн. теңге несие алдық. Қондырғылар тамыздың бірі келіп, орнатылады.

Облыс әкімі шаруашылықтардың барлығы осылай жұмыс істеуі керек деп санайды. Сонда ғана сала алға басады. Жергілікті аграрйилердің көбі құйған қаржым ақталмай қала ма деп, кәсібін кеңейтуден қорқады. Құмар Ақсақалов, ақылмен атқарылған іс әрқашан табысқа жетелейді деді. Ал билік көмегін аяп қалмас.

Бұл аналық ірі қараның біреуі жылына 5 мың тоннаға дейін сүт береді, еті де мол. Симментал тұқымды сиырлардың 581 басын Біржан Шәймерденов биыл Австриядан әкелген. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, шет елден асыл тұқымды Зеңгі баба төлдерін алуды әлі де жалғастыру керек, іске қарқын қосқан абзал. Неге? Өйткені, мал шаруашылығында аймақтың потенциалы жоғары. Алайда, оны тиісті деңгейде пайдаланып жатқан жоқпыз.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Мал шаруашылығында үлкен мүмкіндіктеріміз бола тұра, сүт өнімдерін, етті, шұжықты көрші елдерден сатып аламыз. Шаруашылықтар осы бағытты игеру керек. Себебі, біздің тауар – органикалық өнім. Табиға таза саналады. Қазір мұндай азық-түлікке сұраныс жоғары.

Ал кәсіптен түскен нәсіпті қалтаға ғана баспай, халықтың қамын да ойлау қажет. Мұны аймақ басшысы шаруаларға жиі айтады. Мәселен, “Дайындық” серіктестігінің басшысы ауылдастарына үй салып береді.

Біржан Шәймерденов – “Дайындық” ЖШС директоры, Аққайың ауданы:

– Мектепте ітейтіндер де, жұмыс істемейтіндер де, зейнеткерлер де үй алып жатыр. Оған біз қарап жатқан жоқпыз. Кімнің үйі ескі, жарамайды, соны бұзып, орнына жаңа үй салып беріп жатырмыз. Олар бізге 500 мың теңге қайтарады. Бұл соманы несиеге де береміз.

Осындай тиімді шарттармен жаңа баспанаға қол жеткізгендердің бірі – Самал Нұрмұхамбетова. Оның жұбайы “Дайындық” шаруашылығында жұмыс істейді. Жанұя қазір жаңа, әдемі, жылы әрі жайлы үйде тұрып жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов құтты қоныстың қонағы болды.

Самал Нұрмұхамбетова – Дайындық аулының тұрғыны:

– Ескі үйде тұрдық. Былтырғы жылы жазда салып, күзде кірдік. Жылы, пеш жақпаймыз, су үйде. Толық жөндеу жасап берді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Былтыр бүкіл ауыл бойынша орталық жылу жүйесі енгізіліпті. Азаматтарға, тұрғындарға, жұмысшыларға шаруашылықтардың басшылары үй салмаса, адам дұрыс жұмыс істей алмайды. Біріншіден халыққа жағдай жасау керек, сонын барып талап қою керек.

Аграрий тек үй салумен ғана шектеліп қалмаған. Өткен жылы ол ауылдағы медициналық пункттің тамырына қайтадан қан жүгіртіпті. Қазір мұнда, тіпті, стационар бар. 20 балаға шақталған шағын орталықты да ол жөндеген. Ал ауылдық мектепті қалыпқа келтіру үшін кәсіпкер бақандай 58 млн теңге жұмсаған. Тіпті, нысанның жанына спортзал да салып берген. Тек оқушылар жаттықпайды мұнда, кешкітұрым Дайындық тұрғындары да келіп, шынығады екен.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Спортпен айналысуға жағдай болмаса, адам жай ғана отыра берсе, әрине, неше түрлі аурумен ауырады. Ауылда да осындай мүмкіндіктерді біз жасау керекпіз. Мемлекет тарапынан да, осындай азаматтардың кмегімен де. Өйткені мұның бәрі балалар, жастар үшін.

Аймақ басшысы оңтүстіктен қоныс аударған ауылдықтармен де тілдесті. Қазір Дайындықта мұндай 1 отбасы тұрады. Жасалып жатқан жағдайға жанұя дән риза. Теріскейдің аязына да үйреніп кеттік деп күледі.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Қазақтың бір елі. Суықтан қорықпаңыздар! Малды да ұстауға тиімді жер. Сондықтан, ағайын-туысқандарыңызды шақырыңыздар! Біріншіден қонаққа келсін, кейін көшіп келемін десе, біз қуана қарсы аламыз.

Сапар соңында облыс әкімі соя алқабына барды. Өңірде “Солтүстік соясы” бағдарламасының жүзеге асырылып жатқаны талай рет айтылды. 36 жергілікті шаруашылық дақылдың бұл түрін 20 мың гектарға еккен. Күтім жасалып жатыр, өнім жақсы болады деп күтілуде. Мұны былтырғы жылғы сынақтар да көрсеткен.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Алтайлық сұрыптардың шығымдылығы жақсы. Бір гектардан 20 центнер өнім алуға болады. Ал сояның тоннасы нарықта 150 мың теңге тұрады. Енді өздеріңіз санап көріңіздер, 1 гектардан мол табысқа кенеле аласыздар. Бір де бір дақыл мұндай пайда әкелмейді.

Тіпті, қайта өңделген сояның күнжарасының тоннасы 180 мың теңге тұрады екен. Ол ол ма сояның экспорттық әлеуеті де жоғары. Оған шетелден сұраныс көп. Сондықтан, келер жылы бұл дақыл егілген алқап аумағын 20 мыңнан 150 мың гектарға дейін арттыру жоспарда.

Саят Ермек