ТЖ

Азаматтық қорғау полковнигі парамен ұсталды

Облыстық ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы парамен ұсталды.
Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі берген мәліметке сәйкес, полковник жеке меншік компания директорынан 1200 АҚШ доллары, яғни 462 мың теңге көлемінде ауыз бастырық алды деген күдік бар.

Бұл үшін ол мемлекеттік сатып алулар туралы шарт бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойған. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, іс сотқа жөнелтіліп, шешім шығарылады. Айта кетейін, аталған фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті және өңірлік полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бірлесе анықтаған.

Ешкенова Дана