Денсаулық сақтау

4 бала уланып, 1-уі қайтыс болды

Өңірде жаға ұстатарлық жағдай орын алды! 16-шы шілде күні Уәлиханов ауданындағы бүтін бір отбасы уланып, емханаға жеткізілген.

Жанұя мүшелерінің жүрегі айнып, лоқсып, дене қызулары көтеріліп дәрігерлерге жүгінген екен. Келесі күні 11 және 8 жастағы балғын мен 7 айлық нәресте аналарымен бірге облыстық балалар ауруханасына әкелінген. Ал, 5-гі бала өкінішке қарай үйінде қайтыс болыпты. Оқыс оқиғаның неден орын алғаны белгісіз. Қазіргі күні мәселенің мән-жайы анықталып, қажетті зерттеулер жүргізілуде. Айта кетейік, үстіміздегі жылы облыста улану фактісі алғаш рет тіркеліп отыр.

Инна Тальникова, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Балаларды бізге әкелгенде жағдайлары өте ауыр болды. Алғашқы күні олар жансақтау бөлімінде жатты. Кейін, палатаға ауыстырылады. Ем-дом дезинтоксикациялық терапияға бағытталды. Осының арқасында науқастар өз-өздеріне келді. Өткен сенбіде балалар үйлеріне жіберілді.

 

 

Актолкын Солтанханкызы