Қоғам

Нәзікжандылардың 49,5% жеке кәсіппен айналысады

Осы орайда статистикалық мәліметке кезек берейік. Бүгінде өңірдегі әйелдер қауымының 27% “Заңды тұлға” ретінде түрлі ұйымдарды басқарса, 49,5% жеке кәсіппен айналысады.

Азаматшалардың 60 пайызы білім беру ісінде басшылық қызмет атқарады. Ал 46-сы қаржы және сақтандыру саласында жетекшілік етеді. 45 проценті болса жылжымайтын мүлікпен айналысады. Тағы, 42-сі денсаулық сақтау, 40-тан астамы өнер саласында тер төгіп жүр. Жеке кәсіппен айналысып, басшылық ететін нәзік жандылардың қатары бұдан көп.
Актолкын Солтанханкызы