Білім

Магистратураға түсу талабы өзгерді

Магистратураға түскісі келетін солтүстікқазақстандықтарға маңызды жаңалық!

Енді, қазақ немесе орыс тілінде білімін толықтырамын деген жандар кешенді тестілеуден 100 емес, 75 балл алу керек. Яғни, осынша ұпай еншілеген адам грантқа өтініш білдере алады. Ал, ағылшын тілінен 50 балл жинау қажет. Бұрындары шектік норма – 60-ты құрайтын еді. Егер де талапкерлер сынақтан бірдей балл алса, онда арнайы пәннен жинаған ұпай саны есептеліп, грант берілетін болады.

Байболат  Култанов