Қоғам

Жерлесіміз халықаралық байқауда топ жарды

Өнерсүйер қауымға жағымды жаңалық! Петропавлдық Әділхан Макин Беларусь елінің Витебск қаласында өткен “Славаян базары-2019” халықаралық байқауының Гран-приін жеңіп алды. Фестивалде жерлесіміз 178 балл жинап, қарсыластарынан айқын басым түсті. Осылайша 20 мың долларды еншіледі.

Әділхан – 24 жаста. Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті. Оқу ордасында “эстрадалық вокалисті” мамандығы бойынша білім алуда. Таланты жас бұған дейін де бірталай сайыстарға қатысып, мамандардың жоғары бағасына ие болғаны мәлім. Мысалы, ол былтыр “X-Factor” телевизиялық жобасының финалына дейін жетті. Халықаралық “Шабыт” конкурсында 2-ші орын иеленді. Сонымен қатар, ол “Қазақстан дауысы” және “Жас Қанат” байқауларының жартылай және финалына шыққанын айта кетейік.