ТЖ

Кеше 2 адам суға батып кетті

Кеше солтүстікқазақстандық 60 жастағы ер адаммен оның 9-ғы немересі жасанды су айдынына батып, ажал құшты. Қайғылы жағдай “Простоквашино” демалыс базасының аумағында орын алды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне оқыс оқиға жайлы хабар 22:30-да түседі. Жедел-құтқару жасағының өкілдері демалыс орнына тез арада жетіп, іздеу шараларын бастайды.

Алайда, қос тұрғынды бірден таппайды. Мамандар жерлестеріміздің денесін тек бүгін таңертен ғана судан алып шығады. Құтқарушылардың сөзінше, қаза тапқан жандар қауіпсіздік ережелерін сақтамай, рұқсат етілмеген жерде шомылған екен.

Дана Сәлімқызы