Құқық қорғау органдары

Шағын футболдан жарыс өтті

Петропавлда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Сайыс “Динамо”дене шынықтыру және спорт қоғамының спартакиадасы аясында ұйымдастырылды.

Дода екі күнге жалғасты. Бәсекеде 10 команда айналмалы жүйе бойынша өзара сынға түсіп мықтыны анықтады. Жүлделі бірінші орынды ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті өкілдері иеленді. Күміс – полиция ведомствасының қызметкерлеріне бұйырды. Ал құтқарушылар қоланы місе тұтты. Енді, мамандарды самбодан жарыс күтіп тұр.

Эльмира Садвокасова