Құқық қорғау органдары

“Қару” жедел алдын-алу шарасы өтуде

Өңірде “Қару” жедел алдын алу шарасы өтуде. Ол шілденің 18-не дейін жалғасады. Шараның алғашқы 3 күні ішінде теріскейлік полицейлер 2 мыңнан аса жерлесімізбен жүздесіп, қаруларын тексеріпті. Нәтижесінде сақтау талаптарын бұзған және ату құралын заңсыз ұстаған 57 азаматты жауапкершілікке тарқан.

– Здравствуйте! Участковый инспектор полиции Темиртасов. Проверка оружия. Разрешите?

– Да, конечно, проходите.

Қаруды сақтау мерзімі мен талаптары, құжаттардың дұрыстығы. Бұл «Қару» жедел алдын алу шарасы барысында ескерілетін басты қағидалар. Аталған шараға теріскейлік 290 қызметкер жұмылдырылды. Олар 88 топқа бөлініп, қызмет етуде. Мамандар алғашқы үш күннің ішінде 2 мыңнан аса қару иесін тексеріпті. Нәтижесінде бір жерден екінші орынға қоныс аударса да ату құралын тіркеуге қоймаған 35 азамат анықталыпты. Бұдан бөлек, қаруды сақтау, тасымалдау ережелерін бұзған 21 солтүстікқазақстандық жауапқа тартылған. Олардың 4-уі өздеріне тиесілі затты арнайы сейфтен тыс жерде сақтаған.

Ербол Қабуров – СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы қару айналымын бақылау жөніндегі бөлімшесінің инспекторы:

– Жедел алдын алу шара барысында М. Жұмабаев ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері М.Жұмабаев ауданы Писаревка ауылында 1989 жылғы туған азаматтан гаражда тұрған 16 калибрлі «ИЖ-ЗК» маркалы қаруын алып қойды. Ол тіркелмегендігі анықталды.

Жалпы, 3 күннің қорытындысы бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша 57 азамат жауапкершілікке тартылған. Оның 43-інен қару тәркіленді.

Актолкын Солтанханкызы