Қоғам

Қалада крест шеруі өтті

Бүгін облыс орталығында крест шеруі өтті.

Петр мен Павел апостолдардың құрметіне арналған жиынға қатысқан теріскейлік православтардың қатары қалың болды. Шеру Ойқала ықшам ауданында орналасқан әулиелердің ғибадатханасынан бастау алды. Кейін христиан сеніміндегі жұртшылық Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры маңына тоқтап, дұға-тілектерін айтты.

Серапион – Көкшетау және Ақмоланың епископы:

– Барша солтүстікқазақстандық христиандарды мерекемен құтықтаймын. Бүгінгі мейрам православтар үшін аса маңызға ие. Жыл сайын қос әулиенің рухына тағзым етіп, дұға-тілектерімізді арнаймыз. Жұртшылықтың отбасыларына зор денсаулық пен бақыт тілеймін.

Маржан Касымбек