Михаил Литвин универсиада жүлдегері атанды

Спорт

12:39 12 Шілде 2019

Теріскейлік жеңіл атлет Михаил Литвин жерлестерін тағы бір мәрте қуантты. Спортшы Италияның НеАполь қаласында өтіп жатқан бүкіләлемдік универсиадада күміс жүлдеге ие болды.

Финалдық додада солтүстікқазақстандық желаяқ мәре сызығын екінші болып кесті. Михаил 400 метрді 45-те 77 секунд ішінде еңсерген. Ал алтыннан алқа тағынған мексикандық болса бұл арақашықтықты 45,53 секундта жүгіріп өтіпті. Қазір Қазақстан жалпыкомандалық есепте 18-орынға тұрақтаған. Әзірге, біздің қоржында 1 алтын, 4 күміс пен 1 қола жүлде бар. Дүбірлі дода шілденің 14-іне дейін жалғаспақ.

Эльмира Садвокасова